Филиппин президенті: Билікте ұзақ отырып қалсам, мені атып тастаңдар!

Филиппин президенті: Билікте ұзақ отырып қалсам, мені атып тастаңдар!

Филиппин президенті: Билікте ұзақ отырып қалсам, мені атып тастаңдар!
ашық дереккөзі
Филиппин президенті Родриго Дутерте президенттік орында ұзақ отырып қалса, әскерилерге өзін өлтіруге рұқсат берді. Қазір елде депутаттар мен шенеуніктердің өкілеттілігін ұзарту туралы конституциялық реформа талқыға салынып жатыр. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасап Tengrinews хабарлады  Филиппин президенті әскери базаға сапары аясында өз өкілеттілігі біткен соң елді басқаруды жалғастырса, әскери қызметкерлерден өзін атып тастауды сұрады. Сондай-ақ әскери қызметкерлер мен құқық қорғау органдарының міндеті – «Конституция мен халықты қорғау» екенін ескертті. Жергілікті агенттіктің мәліметінше, өткен аптада Родриго ДУТАРТЕНІҢ жақтаушылары конгресс үкіметінің палатасында мемлекеттің федералдық құрылымға өтуі үшін конституциялық жиналысқа шақыруды дауысқа салған. Жаңа Конституция 2019 жылғы парламенттік сайлауды кейінге қалдыруға және депутаттар мен шенеуніктердің өкілеттіліктерін ұзартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Дутарте өз орнында мерзімінен ұзақ отырмайтынын, тіпті одан бұрын кетуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Еске сала кетейік, Родриго Дутарте 2016 жылы Филиппин президенті болып сайланған болатын.