БҰҰ: Қазақстанның төрағалығымен Ауғанстан мәселесіне арналған пікірсайыс өтті

БҰҰ: Қазақстанның төрағалығымен Ауғанстан мәселесіне арналған пікірсайыс өтті

БҰҰ: Қазақстанның төрағалығымен Ауғанстан мәселесіне арналған пікірсайыс өтті
ашық дереккөзі
Еліміздің төрағалығымен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде алғаш рет министрлік деңгейінде Ауғанстан мен Орталық Азияға арналған пікірсайыс өтті. Оған БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, кеңеске мүше елдердің Сыртқы істер министрлері және Ауғанстан өкілі қатысты, деп хабарлайды 24.kz.  Жиында еліміздің сыртқы саясат басшысы Қайрат Әбдірахманов сөз сөйлеп, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіз әрі гүлденген әлем құру мақсатында 7 басты бағытты ұсынғанын атап өтті. Соның бірі Орталық Азия мен Ауғанстанды бейбітшілік, ынтымақтастық және қауіпсіздік моделі аймағына айналдыру болатын. Осыған байланысты БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш өңірдегі мемлекеттердің бастамаларын, әсіресе, су ресурстарын басқару, энергетика, инфрақұрылым және білім саласындағы ынтымақтастығын жоғары бағалап, оларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ Қазақстанның 1 мың ауған студентін жоғарғы оқу орындарында тегін оқыту туралы ісіне ерекше тоқталды. Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров болса, еліміздің Қауіпсіздік Кеңесінде Орталық Азия аймағының мүддесін жүйелі түрде көтеріп отырғанына қолдауын білдірді. АҚШ өкілі Джон Салливан Ауғанстан мен «Талибан» радикалды қозғалысы арасында келіссөз жүргізуге күш салу керектігін жеткізді. Ал Орталық Азия елдерінің өкілдері Ауғанстанға қауіпсіздік мәселесімен бірге экономикалық қолдау көрсетудің маңыздылығына тоқталды. "Қазақстанның жүзеге асырып жатқан шараларын Ауғанстан үкіметі мен халқы жоғары бағалайды. Қауіпсіздік Кеңесінде біздің мемлекетке көңіл аударылып, мұндағы күрделі жағдайды талқылағаны үшін алғысымызды білдіреміз. Ауғанстандағы ахуалдың Орталық Азияға әсері мол. Жиында бірлескен қауіпсіздікті дамыту мәселесі талқыланды. Қазақстан бұл мәселеге зор көңіл бөліп отыр. Сол үшін ауғаныстандықтардың сіздің елге алғысы шексіз.  Қазақстанға осындай бастамасы үшін ризашылдығымызды білдіріп, ынтымақтастығымызды жалғастыруға дайын екенімізді жеткіземіз", - деді  Ауғанстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Хикмет Карзай. Дебатқа қатысушылар Астананың Ауғанстандағы бейбітшілік пен тұрақтылықты орнатуға күш салуын жоғары бағалады. Орталық Азия елдері Ауғанстанмен сауда-экономика, инфрақұрылым, инвестиция және энергетика саласында нақты жобаларды жүзеге асыру арқылы ынтымақтастықты нығайтуыға дайын екенін айтты. Ал пікірсайыс қорытындысы бойынша, Қауіпсіздік кеңесі төрағасының «Ауғанстанға аймақтық ынтымақтастық және алдын алу дипломатиясын тиімді пайдалану арқылы көмектесу» туралы мәлімдемесі қабылданды