Ірі көлемде пара алған Түркістанның бас судьясы сотталды

Ірі көлемде пара алған Түркістанның бас судьясы сотталды

Ірі көлемде пара алған Түркістанның бас судьясы сотталды
ашық дереккөзі
Түркістан қалалық сотының төрағасы ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды КТК арнасы. Сот жүйесінде 25 жыл істеген Омар Серікбаев былтыр қазан айында 3 миллион теңге алып жатқан кезінде қолға түскен еді. Істі өзі жүргізбесе де, сотталушыға жеңілірек үкім шығарып беруге көмектесемін деп қомақты қаржы талап еткен.
Оның ісін қараған шымкенттік әріптестері көп созбай бірден үкім шығарды. Енді 3 жарым жыл қамауда отыруы тиіс Фемиданың экс-қызметкері өмір бойына өз саласынан аластатылды.