Астана маңындағы жолдардан 70 адам эвакуацияланды

Астана маңындағы жолдардан 70 адам эвакуацияланды

Астана маңындағы жолдардан 70 адам эвакуацияланды
ашық дереккөзі
Астана маңындағы жолдардан 70 адам эвакуацияланды. Қолайсыз ауа райы салдарынан Астана маңындағы жолдар мен айналма трассалардан 70 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.  Құтқарылған 70 адамның бесеуі - балалар. Апаттық-құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің 200-ден астам жеке құрамы мен жол талғамайтын 40 арнайы техника жұмылдырылды. Иманқұловтың айтуынша, қала бойынша автокөліктерге (нақты саны анықталуда), жеке үйлер мен көпқабатты үйлердің шатырларына зақым келу оқиғалары тіркелген. «13:00-ге дейін «112» нөміріне 3100 қоңырау келіп түскен, оның 850 хабарламасы жабылған жолдар мен көмек көрсетуге қатысты. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ,  апаттық-құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда», - деп атап өтті Руслан Иманқұлов.