БАӘ-де 7 көлік ұрлаған қазақстандық елге қайтарылды

БАӘ-де 7 көлік ұрлаған қазақстандық елге қайтарылды

БАӘ-де 7 көлік ұрлаған қазақстандық елге қайтарылды
ашық дереккөзі
Қазақстан бас прокуратурасының сұрауы бойынша Біріккен Араб Әмірліктерінің Әділет министрлігі аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған қазақстандықты беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлады қадағалау органының баспасөз қызметі.   Р.Найзабай Қазақстан Бас прокуратурасы мен ІІМ Интерпол күштері және БАӘ-дегі Қазақстан бас консулдығының күш салуымен елге жеткізілді.
Ол өткен жылы жазда 7 адамды алдап, көлігін заңсыз иеленді деген күдікке ілінді. Кейіннен автокөліктерді жалған құжатпен сатып жіберген. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 30 миллион теңгені құрды. Күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынуына байланысты халықаралық іздеу жарияланды. Р.Найзабай Астана қаласының тергеу изоляторына жабылды.