Алматы трамвайлары аукционға шығарылады

Алматы трамвайлары аукционға шығарылады

Алматы трамвайлары аукционға шығарылады
ашық дереккөзі
Алматыда трамвайлар бәссаудаға қойылады. Бұл туралы Электронды сауда алаңы сайтында хабарланды.  Электронды сауда 2018 жылдың 19 қаңтарында өтеді. Сатылымға 13 вагон шығарылады. Tatra KT4D маркалы трамвай құрамы 2013 жылы Берлинде сатып алынған. Трамвай вагондары 2015 жылы трамвай депосы жабылғанға дейін жолаушы тасымалдады. «Алматыэлектротранс» ЖШС сатып алған 17 вагонның 13 -і бәссауда арқылы сатылмақ. Қосымша құжаттарда вагондардың техникалық жағдайы қанағаттанарлық деп көрсетілген. Сарапшылардың айтуынша, бұл техника пайдалануға жарамды. Әр вагонның бағалау құны 103 510 000 теңгеге белгіленіп отыр. Бәссауда бағаның төмендеуімен жүреді. «Бұл сауда түрінде бастапқы баға төмендей береді. Бірінші келісім берген тұлға сатып алушы болады», - делінген Электронды сауда алаңының сайтында. Ал қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бұл дерекке қатысты түсініктеме бермеді.