Ақтөбе: Қалалық әкімдік ғимаратынан ер адамның мәйіті табылды

Ақтөбе: Қалалық әкімдік ғимаратынан ер адамның мәйіті табылды

Ақтөбе: Қалалық әкімдік ғимаратынан ер адамның мәйіті табылды
ашық дереккөзі
Кеше Ақтөбенің Ахтанов көшесіндегі қалалық әкімдік ғимаратынан оқ тиіп, мерт болған азаматтың мәйіті табылды. Бұл туралы Азаттыққа күштік құрылымдардағы дерек көзі хабарлады. Қайғылы жағдай жұмыс уақыты аяқталған соң кешкі сағат 19.00 шамасында анықталған. Кейбір деректерге қарағанда, қаза тапқан азамат «Күзет» қызметкері болуы мүмкін. Ақтөбе қалалық әкімдігіндегі аппарат басшысы Нұрлан Күнтуовтың сөзіне қарағанда, қазаның аппарат қызметкерлеріне қатысы жоқ, әкімдік қызметкерлерінің барлығы аман. Күнтуов басқа ақпарат бере алмайтынын айтты. Ақтөбе қалалық әкімдігі ғимаратындағы оқиғаны облыстық прокуратураның аппарат жетекшісі Жасұлан Дәулембаев та жоққа шығармады. «Қаза болған азаматтың кім екенін, қандай жағдайда мерт болғанын әзірше айта алмаймын» деді Дәулембаев. Ал Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі оқиғаның жай-жапсарына орай ертең полиция брифинг өткізетіндерін мәлімдеді.