Қанынан допинг табылған Керімбаева екі жылға спорттан шеттетілді

Қанынан допинг табылған Керімбаева екі жылға спорттан шеттетілді

Қанынан допинг табылған Керімбаева екі жылға спорттан шеттетілді
ашық дереккөзі
Қазақстанның спорт шебері, әйелдер құрамасының мүшесі  Камила Керімбаева қанынан допинг табылғаны үшін екі жылға теннистен шеттетілді,  деп хабарлайды ҚазАқпарат. Керімбаеваның қанынан тиым салынған meldonia табылған. Осыған байланысты теннисшіні  2019 жылғы 24 қыркүйекке дейін жарыстардан шеттеткен. Камила Керімбаева Қазақстанның әйелдер құрамасының мүшесі, Федерация кубогының (2015, 2017) және Азия ойындарының (2014, 2017) мүшесі. Қазақстан Республикасының спорт шебері. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін мельдоний қолданғаны үшін Арсан Арашов та екі жылға жазаланған еді.