Қазақстандықтар БАӘ-ге еркін сапарлай алады

Қазақстандықтар БАӘ-ге еркін сапарлай алады

Қазақстандықтар БАӘ-ге еркін сапарлай алады
ашық дереккөзі
2018 жылы қазақстандықтар БАӘ-ге еркін сапарлай алады. Алдағы жылдан бастап Қазақстан азаматтары Біріккен Араб Әмірліктеріне еркін сапарлай алады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінде Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Біріккен Араб Әмірліктерімен біз екіжақты келісімге қол қойған болатынбыз. Осы бағыттағы біз жақтан ресми рәсімдерді өткіздік, енді БАӘ-ден хабар күтіп отырмыз. Менің ойымша, келесі жылдың бірінші тоқсанынан бастап біздің азаматтар Біріккен Араб Әмірліктеріне еркін сапар жасай алады. Бұл тек дипломатиялық емес, барлық төлқұжаттарға қатысты», - деп түсіндірді Қайрат Әбдірахманов Үкімет сағатынан кейін. Бұдан бұрын хабарланғандай, Қайрат Әбдірахманов Біріккен Үкімет сағатында Біріккен Араб Әмірліктерімен визалық режім бойынша жағдайды түсіндіріп өткен болатын.  «Курорттық маусымда Әмірліктер қашаннан бастап бізге шекарасын ашатындығы тұрғысында үнемі сауалдар келіп түседі. Атап айтқанда, біз өзіміздің тарапымыздан тиісті жұмыстарды атқардық, яғни келісімді ратификацияладық. Енді БАӘ жағы өзінде құжатты толықтай ратификациялап, тиісті мәліметті береді деп күтілуде», - деді Қайрат Әбдірахманов. Сонымен қатар министр биыл БАӘ-мен төлқұжаттардың барлық түрлері бойынша визасыз сапарлар туралы келісім бекітілгенін еске салып өтті. Оның сөзіне қарағанда, бүгінде Қазақстан дипломатиялық төлқұжат иелерін визадан босату жөніндегі келісімді 66 елмен және халықаралық ұйымдармен бекітті. «Қызметтік төлқұжат иелері үшін бізде 44 мемлекетпен келісім бар», - деп нақтылады Қайрат Әбдірахманов.