Алматы саудагерлерінен 2,5 тонна пиротехникалық өнім тәркіленді

Алматы саудагерлерінен 2,5 тонна пиротехникалық өнім тәркіленді

Алматы саудагерлерінен 2,5 тонна пиротехникалық өнім тәркіленді
ашық дереккөзі
Алматы полициясы қаладағы сауда орындарында «Пиротехника» профилактикалық шарасын өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат .  7 күн ішінде 6 сатушыға 350 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. «Дүкендер мен сауда орындарында пиротехникалық өнімдерді арнайы кеңесші сатуы тиіс. Осындай өнімдерді сақтау мен сатуда ереже талаптарын бұзған 6 саудагерге қатысты ҚР ӘқК 196-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Заңсыз айналымнан 2 тонна 538 келі өнім алынды. Сатушылардың әрқайсысына 55 774 теңге көлемінде айыппұл салынды», - деді қалалық ІІД әкімшілік полициясының басқарма басшысы  Жандос Мұратәлиев.