АҚШ БҰҰ бюджетінің қысқарғанын қолдайды

АҚШ БҰҰ бюджетінің қысқарғанын қолдайды

АҚШ БҰҰ бюджетінің қысқарғанын қолдайды
ашық дереккөзі
АҚШ БҰҰ бюджетінің қысқарғанын қолдайды. Құрама Штаттар Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) 2018-19 жылдарға арналған бюджетінің 285 миллион долларға қысқарғанына қолдау көрсетіп, "дұрыс бағытқа дұрыс қадам жасалды" деп атады. 24 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы алдағы екі жылдың бюджетіне 5,396 миллиард доллар бекітті. Бұл 2016-2017 жылдарға қарағанда, 285 миллион долларға аз. Бұл сонымен бірге БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш сұраған 5,4 миллиард доллардан шамалы аз. Құрама Штаттар әдеттегідей БҰҰ-ның бас доноры ретінде қалып отыр. Негізгі бюджеттің 22 пайызын қаржыландырады. "Бюджетті үнемдеу арқылы біз штатты және БҰҰ-ның қолдау функциясын қысқарттық. Негізгі артықшылықтарды нығайттық және барлық жүйе бойынша есеп беретін тәртіп енгіздік", - деп мәлімдейді АҚШ елшісі Никки Хейли. Ол сонымен бірге "америкалықтардың жомарттығын пайдалануға және бақылаусыз қалуына жол бермейміз" деді. Өткен аптада АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль астанасын Иерусалим деп мойындаудан бас тартқан БҰҰ резолюциясын қолдағандарды қаржыландыруды тоқтатамыз деген. Резолюцияны 128 ел қолдап, 9-ы қарсы болған.