Mellon банкі Қазақстанның 22,6 млрд доллар активін бұғаттады

Mellon банкі Қазақстанның 22,6 млрд доллар активін бұғаттады

Mellon банкі Қазақстанның 22,6 млрд доллар активін бұғаттады
ашық дереккөзі
Mellon банкі Қазақстанның 22,6 млрд доллар активін бұғаттады. New York Mellon (BK.N) банкі Қазақстанның Ұлттық қорына тиесілі 22 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі активін бұғаттағанын хабарлады. Бұл шешім Қазақстан үкіметі мен молдовалық инвестордың арасындағы дау өршіген кезде қабылданған. Молдовалық кәсіпкер Анатол (Анатолий) Стати мен оған тиесілі бірнеше компания Қазақстан үкіметін өздерін шығынға ұшыратты деген арыз бойынша бұған дейінгі бір сотта жеңіп шыққан. Банктегі дерек көзінің айтуынша, енді арызданушы шығынын өтеу туралы шағым түсіріп, Қазақстанның мұнай табысынан құралған Ұлттық қорының 40 пайызын бұғаттауға қол жеткізген. Бір апта бұрын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкімет мүшелерінен ірі мемлекеттік компаниялардың шеттегі капиталын елге қайтаруды талап етіп, қатқыл сөйлеген. Мұнайға бай елдің басшысы дерек көзін айтпай келтірген мәліметке сәйкес, "отандық 18 компания 12,5 миллиард доллар қаржысын шетелде ұстап отыр. Қазақстан президенті нақты қандай ақша туралы айтып отырғанын атап көрсетпеді. Бірақ ол: "Еркелегендеріңіз жетеді. Яхта сатып алдыңыздар, басқа елдерде үй, коттедждеріңіз бар. Біз әлі ешкімді тексерген жоқпыз, ақша тауып алсын деп мүмкіндік бергіміз келді. Бірақ мұның барлығын сіздерге мемлекет бергенін ұмытпаңыздар. Егер премьер-министр айналыса алмаса, өзім айналысамын" деп қатты сөйлеген.