Қазақстанның төрт облысында дабылды ескерту жарияланды

Қазақстанның төрт облысында дабылды ескерту жарияланды

Қазақстанның төрт облысында дабылды ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
Қазақстанның төрт облысында дабылды ескерту жарияланды. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.  25 желтоқсанда таңертең және күндіз, 26 желтоқсанда түнде Жамбыл облысында кей жерлерде жаңбыр қарға ұласады деп болжанады. 25-27 желтоқсанда оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің күші  кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с, оңтүстік-батыста 30 м/с болады. Тараз қаласында 25-27 желтоқсанда қатты жел соғып, күші 30 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. 26 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жауған жаңбыр қарға ұласып, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 30 м/с болуы ықтимал. 25-26 желтоқсанда Павлодар облысында қар жауып, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с, 25 желтоқсанда екпіні 23-28, кей жерлерде 30 м/с-қа жетуі мүмкін. 26-27 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қалың қар түсіп, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. 25 желтоқсанда күндіз, 26-27 желтоқсанда тәулік бойы оңтүстік-батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні секундына 23-28 метрден асуы ықтимал.