Түркия Астанада өткен Сирия келіссөздеріне жоғары баға берді

Түркия Астанада өткен Сирия келіссөздеріне жоғары баға берді

Түркия Астанада өткен Сирия келіссөздеріне жоғары баға берді
ашық дереккөзі
Ресми Анкара 21-22 желтоқсан күндері Астанада өткен Сирия келіссөздері  бойынша сегізінші кезеңнің нәтижелеріне жоғары бағалады.  Түркияның  сыртқы істер министрлігі Сирияда  зорлықпен  ұстап отырған адамдарды тараптардың келісімі бойынша босату мәселелері жөніндегі  жұмыстарды да атап өтті. Мұндай қадам Сириядағы екі жақты сенімділікті нығайтады, деп қосты Түркия СІМ. Сонымен қатар ведомствода Астанадағы кезекті кезең барысында осы мәселелер бойынша пікір алмасулар мен   Идлибтегі «дэскалация аймағындағы» шиеленісті төмендетуге бағытталған жұмыстар жақсы нәтиже беріп жатқаны туралы айтылды. Сирия аймағын миналардан тазарту жөніндегі құжатты мақұлдау мәселесі де осы ретте қарастырылған. 2018 жылдың 29-30 қаңтарына жоспарланған  Сочиде жалғасатын  диалог алаңына дейін, Түркия, Иран, Ресей сияқты кепілгер елдер өкілдерінің қатысуымен осы қалада алдын ала отырыс өтеді.