Жамбыл облысында малдың жаппай қырылу себебі белгілі болды

Жамбыл облысында малдың жаппай қырылу себебі белгілі болды

Жамбыл облысында малдың жаппай қырылу себебі белгілі болды
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында сараптама жүргізген мамандар малдың химиялық шайынды судан өлмегенін анықтады.  Мал кеселі қалдық суы жиналған көлшіктен келді деген қорытынды шығарылды, деп хабарлайды КТК.
 Бірақ жылқы мен қойдың арам қатуына өндіріс орны кінәлі емес делінгенімен, сол зауыт басшылығы өлген малдың шығынын шетінен өтеп жатыр. Қамбар ата тұқымының әр басына 300 мың теңгеден берілуде.
Еске салсақ, қыркүйек айында Қаратау қаласының іргесіндегі қалдық су жиналатын көлден су ішкен 12 бас жылқы сол жерде сеспей қатқан еді.Бұл маңда бұған дейін де 4 бас жылқы мен 12 қой өлген болатын. Тұрғындар төрт түліктің жаппай қырылуына химиялық шайындыны төгетін Натрий-Цианит  зауытын айыптаған. Бірақ өндіріс орнының басшылығы өздеріне шаң жуытпаған болатын. Осы оқиғадан кейін көлшіктің аумағы мал өтпестей қоршалған.