Мутко бастаған Ресейдің бір топ шенеунігі Олимпиададан біржола шеттетілді

Мутко бастаған Ресейдің бір топ шенеунігі Олимпиададан біржола шеттетілді

Мутко бастаған Ресейдің бір топ шенеунігі Олимпиададан біржола шеттетілді
ашық дереккөзі
РФ вице-премьері Виталий Мутко мен РФ спорт министрінің бұрынғы орынбасары Юрий Нагорных олимпиада ойындарына қатысу мүмкіндігінен шеттетілді. Халықаралық Олимпиада комитеті Лозаннада (Швейцария) өткен арнайы отырыста осындай шешім қабылдады. 2018 жылы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарына Ресей құрамасы өз туының астында өнер көрсете алмайды. Ресейлік атлеттер тек тек бейтарап спортшылар ретінде қысқы ойындарға қатыспақшы. Яғни, OAR (Olympic Athlete from Russia) "Ресейден келген олимпиадалық атлет" деген атаумен Олимпиада туы астында өнер көрсете алады. Ақ олимпиада кезінде оларға Ресей әнұраны мен туын қолдануға тыйым салынады. Халықаралық Олимпиада комитетінің Ресейді дәл бұлай жазалауына 2014 жылғы Сочи олимпиадасындағы допинг дауы себеп болып отыр. ХОК бүгінге дейін Ресейдің Сочиде чемпион және жүлдегер атанған бірнеше спортшысын допинг қолданғаны үшін өмір бойына спорттан шеттетті. Сондай-ақ, Ресейдің Олимпиадалық комитетіне 15 миллион доллар айыппұл салды. Сочи Олимпиадасының қорытындысы бойынша бірінші орында тұрған ресейліктер күн санап рейтингте құлдырап, үшінші орынға түсіп қалды. Бұл жаңалық ресейлік спортшыларды ғана емес, жанкүйерлерді де есеңгіретіп тастады.  Олар допинг дауына басты айыпкер ретінде спорт шенеуніктерін кінәлауда.