KFC өнімдері халал ма?

KFC өнімдері халал ма?

KFC өнімдері халал ма?
ашық дереккөзі

KFC мейрамханаларында ұсынылатын өнімдер халал ма? Көпшіліктің көкейіндегі сауалға Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы жауап берді, деп хабарлайды ummet.kz.

«Соңғы кездері Қазақстандағы КФС өнімдерінің xалал екендігіне сенімсіз қауесет сөздер айтылып жатуына байланысты айтарымыз, қазіргі таңда осы компанияны ҚМДБ арнайы xалал стандарттау арқылы толық қадағалауға алып отыр», – деп хабарлайды ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі.

ҚМДБ-ның мәліметінше, олар Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе, Шымкент қалаларын қосқанда жалпы 34 жерде бар. Осы нүктелердің барлығына «Белая птица» тауық еті Ресейдің Курск қаласынан жеткізіледі. Аталмыш заводты Ресей муфтиятының xалал комитеті жіті қадағалап отыр. Жұмыртқадан балапандау, жемдеу, өсіру, союу процестері шариғат талаптарына сай қадағаланады.