74 мыңнан астам студент кәсіптік білім алады

74 мыңнан астам студент кәсіптік білім алады

74 мыңнан астам студент кәсіптік білім алады
ашық дереккөзі
ОҚО-да 74 мыңнан астам студент кәсіптік білім алады. Оңтүстік Қазақстан облысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 74 мыңнан астам 176 студент білім алады. Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда мемлекеттік тапсырыспен оқитындардың саны 5,4 пайызға артқан. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған көшпелі брифинг барысында мәлім болды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.   Өңірде кәсіптік білім беретін жүзге жуық оқу орны бар. Осындай облыс орталығындағы іргелі оқу орындарының бірі №5 колледж жұмысымен журналистер танысып қайтты.  1941 жылдан бері маман даярлап келетін білім ордасы  тігінші, модельер, техник-технолог, тоқушы сынды мамандық иелерін дайындауда. Оқу орны бүгінде  жеңіл өнеркәсіп мамандарын дайындайтын оқу орталығына айналған.     «Қазір 814 білім алушымыз бар. 19 оқу кабинеті мен  9 оқу-өндірістік шеберханамыз жұмыс істейді. Штаттық кестеге сәйкес  ұжымда  77 педагог  жұмыс жасайды. Оның 38-ден астамы жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар. Сондай-ақ, ОҚО  Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп дуальды оқыту жүйесі негізінде  облыстағы жеңіл өнеркәсіп саласындағы ірі  21 кәсіпорынмен 4 жақты келісімшарт жасалынған. Соның нәтижесінде бітіруші түлектеріміз 100 пайыз жұмысқа орналасады», - дейді колледж директоры Гүлмира Тағаева. Оқу орны  облыстағы бірқатар  тігін фабрикаларымен өндіріс орындарына мамандар даярлап келеді.  Осы колледжде жастар «Өрлеу» бағдаламасы бойынша қысқа мерзімде білім алады.        Жылпы өңірде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында қысқа мерзімді курстар бойынша 12 мыңнан астам адам 87 түрлі мамандық бойынша білім беру ұйымдарына оқуға жолданып, оның 30 пайыздан астамы жұмысқа орналасқан.