Гонконг – 2017 жылы туристер ең көп барған қала

Гонконг – 2017 жылы туристер ең көп барған қала

Гонконг – 2017 жылы туристер ең көп барған қала
ашық дереккөзі
Гонконг - 2017 жылы туристер ең көп барған қала атанды.  Гонконг 2017 жылы саяхатшылар арасында ең танымал қалалардың рейтингінде бірініші орынға ие болды. Тоғыз айдың ішінде бұл қалаға 25,7 млн адам барған, бұған Euromonitor International аналитикалық компаниясының жариялаған мәлімдемесіндегі көрсеткіштер дәлел бола алады, деп хабарлайды ТАСС. Гонконгтан басқа адамдар жиі келетін қалалардың ондығында Бангкок (23 млн адам), Лондон (19,8 млн адам), сондай-ақ Сингапур, Макао, Дубай, Париж, Нью-Йорк, Шэньчжэнь мен Куала-Лумпур бар. Euromonitor International - өнімдер мен қызмет көрсетулерге талдаулар мен зерттеулер жүргізетін британдық аналитикалық компания. Ең танымал қалалардың рейтингі жыл сайын әлемдегі 100 қаланың соңғы он жыл ішіндегі деректері негізінде жасалынады. EI сарапшылары қандай да бір қалада 24 сағаттан астам уақыт өткізген туристер дерегін есепке алады.