Ішімдікке тойып алып, жұмысшыларды балағаттаған әкім қызметінен қуылды

Ішімдікке тойып алып, жұмысшыларды балағаттаған әкім қызметінен қуылды

Ішімдікке тойып алып, жұмысшыларды балағаттаған әкім қызметінен қуылды
ашық дереккөзі

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылында ішімдікке сылқия тойып алып, жұмысшыларды балағаттаған ауыл әкімі қызметінен қуылды, деп хабарлайды «Мой Город» басылымы. 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментті бақылау басқармасында басшылық ететін Жақсат Мұратовтың айтуынша, әкімге қатысты шудан кейін тексеріс жүргізілген.

"Тексеріс барысында барлық фактілер расталды. 25 қазан күні Қайырбек Аманғалиев этикалық нормаларды бұзғаны үшін Сырым ауданы Елтай ауылдық округының әкімі қызметінен қуылды", - дейді Жақсат Мұратов. Еске салсақ, Аманғалиевтің құрылыс нысанындағы жұмысшыларға мас күйде балағат сөздер жаудырып жатқан сәтінен видео желіде тарап кеткен болатын. Қайырбек Аманғалиевтің өзі болса, сол кеште сәл ұрттап қойғанын және еңбек демалысында болғанын алға тартуда.