Өзбекстан мектепке дейінгі білім беру жүйесін түбегейлі өзгертпек

Өзбекстан мектепке дейінгі білім беру жүйесін түбегейлі өзгертпек

Өзбекстан мектепке дейінгі білім беру жүйесін түбегейлі өзгертпек
ашық дереккөзі
Қазіргі таңда Өзбекстанда 4 893 мың мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру мекемелері бар, мұнда 706 мың бала тәрбиеленеді.  Trend.az сайтының мәліметінше, мектепке дейінгі білім беру министрі Агриппин Шин және балабақша тәрбиешілері бас қосқан жиында белгілі болғандай, 57 мың қызметкердің 85 пайызының білімі орташа, бұл баланы мектепке дайындауға кедергі. Мемлекетте тұңғыш рет мектепке дейінгі министрлік құрылып отыр. Министрдің айтуынша, елдегі балалардың 30 пайызы ғана балабақшамен қамтылған. Соңғы жиырма жыл ішінде Өзбекстан халқы санының көбейгеніне қарамастан, мектепке дейінгі мекемелер 45 Пайызға қысқарған. Балабақша қызметкерлерінің айлығын көтеріп, әлеуметтік қорғау жолға қойылмақ. Кадр дайындау үшін барлық өңірлер бойынша педагогикалық университеттерге жеңілдікпен оқуға қабылдау қарастырылмақ. Мемлекеттік және жеке меншік бақшалар ашылады, жеке меншік бақшаларға жеңілдіктер қарастырылып отыр. Сонымен қатар қысқамерзімді 3-4 сағаттық топтарды ашу да көзделген.