Допингтің жаңа түрлерін анықтау қиын

Допингтің жаңа түрлерін анықтау қиын

Допингтің жаңа түрлерін анықтау қиын
ашық дереккөзі
«Допингке қарсы ұлттық орталық» РММ директоры Майра Бақашева Астанада спорттық федерациялардың өкілдерімен бірге дөңгелек үстел өткізіп, спортшылардың допингке қатысты қандай мәселелері барын айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».  Оның айтуынша, қазіргі таңда әлемдік велоспортта «механикалық допинг» кеңінен таралып жатқан көрінеді. «Жалпыға белгілі допингтің түрлерімен бірге бүгінгі таңда «механикалық допинг» туралы жиі ақпараттар беріле бастады. Бұл өте өзекті мәселе. Велоспортта жүрген спортшылар ол туралы жақсы біледі. Өйткені мехникалық допингті қолданғаны үшін әлемде велоспортшылардың бірі шеттетілді», - дейді ол. Майра Бақашеваның айтуынша, тіпті шахмат ойыншылары да допингтен таза емес екен. Қазіргі таңда Қазақстандағы Республикалық шахмат федерациясы алғашқылардың бірі болып допингке қарсы ережелерді бекіткен. «Қазір әлемде «читерлік» деген ұғым тарап кетті. Ол ағылшынның «cheat» - алдау сөзінен алынған. Алдаудың барлық түрі, яғни антидопингтік ережелердің бұзылуына қатысты мәселелердің барлығы «читинг» деп аталады. Шахматта бұл ұғым кең тарап кеткендіктен, бұған алдағы уақытта ерекше назар аударылар деген сенімдемін. Өткен жылы ұйымдастырылған семинарлардың бірін Республикалық шахмат федерациясы антидопингтік ережелерді бірінші болып қабылдағанын атап өткім келеді», - дейді «Допингке қарсы ұлттық орталық» РММ директоры. Допингтің дәстүрлі түрлеріне қайта оралған Бақашева допингке қатысты нақты қандай мәселелер барын тілге тиек етті. «Ең алдымен, спортшылардың «озық» допингке қызығушылығының артып келе жатқаны бар. Екіншіден, тыйым салынған препараттарға оңай қолжетімді болуы бүгінгі таңда Қазақстанның ғана емес, Ресейдің де, керек десеңіз бүкіл әлем үшін өзекті мәселе болып отыр. Қазіргі уақытта әлемнің кез келген нүктесінен препараттарды интернет арқылы сатып алуға болады. Сонымен бірге, бір жерден екінші жерге жиі жолға шығатын спортшылар кейде күштерін қалыпқа келтіре алмай, медициналық препараттарды қабылдауы мүмкін. Алайда ол препараттардың допинг болып шығуы да оп-оңай екенін ескеру керек», - дейді ол.