Ұлттық валюта тұрақталып келеді

Ұлттық валюта тұрақталып келеді

Ұлттық валюта тұрақталып келеді
ашық дереккөзі
ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев ҚР Үкіметі отырысында теңгенің болашағы жайлы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ішкі валюта нарығы соңғы айларда өте құбылмалы болғаны белгілі. Бұл бірінші кезекте алыпсатарлық фактормен байланысты болды. Алайда жағдай біршама тұрақтанып келеді. Орта мерзімді преспективада ұлттық валютаның бағамын анықтайтын іргелі факторлар теңге бағамының күшеюіне әкеліп отыр», - деді Ақышев. Ол белгілі бер кезеңде шетелдік валютаның тапшылығы кезінде Ұлттық банк ұлттық валютаны сатқанын атап өтті. «ҚР Ұлттық банкінің алтын валюталық резервтері 10,2%-ға артып, 33 млрд АҚШ долларын құрады. ҚР Ұлттық қорының валюталық активтері 57 млрд АҚШ долларына жетті. Жалпы халықаралық резервтер 89 млрд АҚШ доллары болды», - деді Ұлттық банк басшысы. Оның айтуынша, халық арасында ақшасын доллармен сақтайтындардың қатары азайып келеді. «Ұлттық валюта ақша сақтаудың құралы ретінде танымал құрал болып отыр. Жыл басынан бері теңге депозиттері  6%-ға артқаны белгілі болды», - деді Ақышев.