«100 жаңа есім» жобасына үміткерлер туралы деректі фильмдер циклі түсірілуде

«100 жаңа есім» жобасына үміткерлер туралы деректі фильмдер циклі түсірілуде

«100 жаңа есім» жобасына үміткерлер туралы деректі фильмдер циклі түсірілуде
ашық дереккөзі
«100 жаңа есім» жобасына үміткерлер туралы деректі фильмдер циклі түсірілуде. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы бойынша жұмыс және сарапшылар тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Дархан Мыңбай және жоба ұйымдастырушылары, қоғам белсенділері қатысты. Министр жобаға белсене атсалысқан жұртшылыққа алғыс білдірді. Елбасы ұсынған "Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясындағы бұл жоба - өнерімен, білімімен, қоғамға сіңірген еңбегімен, ерекше қасиетімен дараланған талантты азаматтарымызға үлкен мүмкіндік ұсынып отыр. Осыған сай, жаңа есімдерді анықтауда жұртшылық та жоғары белсенділік танытуда,- деді Дәурен Абаев. Өздеріңізге мәлім, биылғы жылғы 7 маусымнан бастап 15 қыркүйеккке дейін еліміздің түкпір-түкпірінен жобаға қатысушылардан өтініштер қабылданды. Осы уақыт ішінде El.kz порталында екі мың екі жүз он екі кандидат тіркелді. Қазіргі күні оларды іріктеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. - Сонымен қатар, қатысушыларды іріктеуден бөлек олардың табыстарының тарихын ақпарат құралдарында жан-жақты көрсете білу де аса маңызды,- деген министр мұндай қадам шараның тәрбиелік әрі идеологиялық тұрғыдан нәтижелі болатындығын атап өтті. Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясы бұл бағытты іске асыру бойынша да жүйелі шараларды қолға алуда. Солардың ішінен «Астана» телеарнасы түсірген фильм үзіндісі көпшілік назарына ұсынылды. Ая Өміртай,