БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Пхеньянды жаңа санкциялармен қыспаққа алды

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Пхеньянды жаңа санкциялармен қыспаққа алды

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Пхеньянды жаңа санкциялармен қыспаққа алды
ашық дереккөзі
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяға қатысты Пхеньянның 3 қыркүйекте жасаған ең күшті ядролық сынағына қатысты жаңа санкциялар енгізді, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.
Құрама Штаттар болса Ресей мен Қытайдың қарсылығынан кейін Солтүстік Кореяға қатысты бірқатар санкцияларды қысқартуға мәжбүр болып отыр. Мәскеу және Қытай Вашингтон ұсынып отырған КХДР-ға мұнай жеткізуді толық тоқтатуға қарсы шығып, бұл Корей түбегіндегі жағдайды одан сайын тұрақсыздандырады дейді. Трамп әкімшілігі мәлімдегендей, тек ғана өте қатал санкциялармен ғана Пхеньянды зымыран-ядролық шараларынан бас тартқызып, келіссөз жүргізуге болады. БҰҰ қабылдаған резолюция Солтүстік Кореяның тоқыма экспортына тосқауыл қояды. Бұл елге газ импортына тыйым салып, мұнай өнімдерін сатуға шектеу енгізеді. Резолюцияға АҚШ-тың Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның шетел сапарына мораторий енгізіп, шетелдік активтерін бұғаттау талабы кірмеді.