Бангладеш пен Мьянма арасындағы лагерь босқындарға толып кетті

Бангладеш пен Мьянма арасындағы лагерь босқындарға толып кетті

Бангладеш пен Мьянма арасындағы лагерь босқындарға толып кетті
ашық дереккөзі
Соңғы екі аптаның ішінде Мьянманың Ракхайн штатынан Бангладешке 300 мыңға жуық рохинджа халқы үдере көшті. Мұндай мәліметті Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар мәселесі жөніндегі Жоғарғы комиссары жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24». Деректерге қарағанда ағылған адамдардың саны аптаның ортасынан бастап күрт артқан. Сондықтан Бангладеш пен Мьянма арасында салынған босқындар лагері лық толды. Енді мұндағы адамдарға азық-түлік пен ауызсу жетпей жатыр. Түрлі мәліметтерге қарағанда көшіп келіп жатқандардың дені - балалар мен әйелдер. «Бала емізіп жүрген аналарға қиын болды. Олар аш болғандықтан, нәрестесі шырылдап жылап жатыр. Ал біздің қолымыздан не келеді? Азық-түлік, дәрі-дәрмек жоқ. Бас сауғалап үйден қашып шыққанда өзімізбен бірге ештеңені де алып үлгермедік», - дейді Мьянмадан келген босқын Дилдар Бегум.