Оралмандарға 6 млн теңгенің жерін заңсыз сатқан екібастұздық шенеунік сотталды

Оралмандарға 6 млн теңгенің жерін заңсыз сатқан екібастұздық шенеунік сотталды

Оралмандарға 6 млн теңгенің жерін заңсыз сатқан екібастұздық шенеунік сотталды
ашық дереккөзі
Екібастұзда жер қатынастары бөлімінің бұрынғы қызметкері жер телімдерін заңсыз бергені үшін 3,5 жылға шартты түрде сотталды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат. Екібастұз қалалық соты жер телімдерін заңсыз үлестірді деген факт бойынша жер қатынастары бөлімінің бұрынғы қызметкеріне қатысты қылмыстық істі қарады. Ол 35-тен аса азаматқа (көбі Моңғолиядан келген қазақтар) жер телімдерін заңсыз сатып, оларға 6 млн теңгеден астам шығын келтірген. Сотталушы сотқа дейінгі тергеу кезінде өз кінәсін мойындау туралы келісімге келді. Сот Б. есімді азаматты ҚР Қылмыстық кодексінің (1997 жылғы редакцияда) 314-бабы 1-бөлігі, 177-бабы 3-бөлігі  «г» тармағы бойынша кінәлі деп тауып, ҚК 63-бабын қолдана отырып, 3,5 жылға шартты түрде соттады. Сот үкімі заңды күшіне енді.