Мирзиёев өзбекстандықтарға валюта айырбастауға рұқсат берді

Мирзиёев өзбекстандықтарға валюта айырбастауға рұқсат берді

Мирзиёев өзбекстандықтарға валюта айырбастауға рұқсат берді
ашық дереккөзі
5 қыркүйектен бастап Өзбекстан азаматтары шетел валютасын айырбас пунктерінде нарық бағасы бойынша сата алады, деп centralasian.org
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев "Валюта саясатын либерализациялаудың алғашқы қадамдары туралы" қаулыға қол қойды. Құжат бойынша, ұлттық валюта бағамын анықтауда нарық механизмдері ғана ескеріледі. Өзбекстанның резидент жеке тұлғалары шетел валютасын айырбас пунктерінде сатып, коммерциялық банктердің конверсиялық бөлімдерінен ешқандай кедергісіз сатып ала алады. Бұл қаулыға дейін Өзбекстанда үш валюта бағамы бар еді: ресми, биржалық және нарықтық. Қарапайым адамдарға арналған "қара бағам" астыртын валюта нарығында қалыптасады. "Қара базар" бағамы мен Орталық банк белгілеген бағамның айырмашылығы екі есеге жуықтайды. "Қара базар" 90-жылдардың басында қалыптасты. Билік оларды ұстаумен шұғылданды. Валюта саясатын либеризациялау - халық көптен күтіп отырған елеулі өзгеріс.