Трамп: АҚШ күндердің күнінде Ресеймен жақсы қарым-қатынас орнатады

Трамп: АҚШ күндердің күнінде Ресеймен жақсы қарым-қатынас орнатады

Трамп: АҚШ күндердің күнінде Ресеймен жақсы қарым-қатынас орнатады
ашық дереккөзі
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей АҚШ-қа қауіп төндіре ме деген сұрақтан жалтарды. Ақ үйде Финляндия президенті Саули Ниинистёмен бірге өткізген баспасөз конференциясында Трамп "АҚШ-қа қауіп төндіретін елдер көп" деп жауап берді. Трамп Құрама Штаттардың Ресеймен қарым-қатынасы түптің түбінде түзеледі деді. "Бұл - үлкен мемлекет, ядролық держава, бұл тіл табысатын ел. Түптің түбінде Ресеймен тіл табысамыз деп ойлаймын", - деді ол. Трамптың сөзіне қарағанда, Ресей Финляндияны қатты сыйлайды, бұл "жақсылықтың нышаны". "Күндердің күнінде АҚШ Ресеймен жақсы қарым-қатынас орнатады: бұл әлемдегі бейбітшілік үшін маңызды", - деді Трамп. АҚШ президенті Балтық аймағын әлемнің "өте маңызды бөлігі" деп атады. Сол себепті АҚШ Балтықтағы одақтастары мен әріптестерін қорғайды. Финляндия президенті 15 жылда бірінші рет АҚШ-қа ресми сапармен барды.