"Ақтөбемұнайгаз" қызметкерлері Қытай әнұранын шырқауға мәжбүр

"Ақтөбемұнайгаз" қызметкерлері Қытай әнұранын шырқауға мәжбүр

"Ақтөбемұнайгаз" қызметкерлері Қытай әнұранын шырқауға мәжбүр
ашық дереккөзі

CNPC «Ақтөбемұнайгаз» компаниясының қызметкерлері басшылық Қытай әнұранын айтуға мәжбүрлейтіндігін айтып, шағым түсірді. Ақтөбе облысының аумағында мұнай мен газ өндіретін компания қызметкерлері шағымдарын «Ақжол» демократиялық партиясының облыстық филиалына жеткізіпті.

«Ақтөбемұнайгаздың» бір топ қазақ жұмысшылары өздерінің арыздарында әр күні кезек ауысар алдында компанияның қытай басшылары оларды Қытайдың әнұранын орындауға мәжбүрлейтінін көрсеткен. «Ақжол» партиясы облыстық филиалының Темір ауданы бойынша координаторы Хамит Қырқынбаев жұмысшылардың айтқаны рас екенін анықтапты. Хамит Қырқынбаевтың сөзіне сенсек, жергілікті билік бұл жағдайдан хабардар, бірақ қазір аталған жағдайдың анық-қанығын тексеріп, қытайлардың заңсыз қылығы туралы әрекет жасауға ешкім ниет білдірмеген. Қытай басшылардың қарамағында істейтін Қазақстан азаматтары «жұмысымыздан айрылып қаламыз ба» деп қорқып, олардың мұндай ісіне ашық қарсы шығуға батпайды. Ал «Ақтөбемұнайгаз» компаниясы директорының орынбасары Чжан Чэн мұндай оқиғаның болмағандығын айтуда.