"Қорғас ісінің" тың деректері пайда болды

"Қорғас ісінің" тың деректері пайда болды

"Қорғас ісінің" тың деректері пайда болды
ашық дереккөзі

Қаржы полициясының бұрынғы қызметкері, атышулы «Қорғас ісі» бойынша басты куәгер Талғат Махатов адам өліміне күдікті ретінде ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Казахстан. Агенттікке «Алматы қаласының вестомствоаралық жедел-тергеу тобының өндірісінде кеден саласының бұрынғы қызметкері Жамашев М.К-нің 2012 жылдың 6 маусымында  өлтірілуіне қатысты бірқатар күдікті адамдар ұсталды, оның ішінде «Қорғас ісі» бойынша басты куәгер болған Махатов Т.Б да бар», деп хабарлаған Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі. Айта кетейік, БАҚ мәліметінше Махатов «Қорғас» кеденінде агент ретінде ақпарат алуға қатысы болған. Кейін кеден саласындағы бір топ шенділер ұсталған кезде, басты куәгер ретінде сотқа тартылды. Қазақстан мен Қытай арасында ұзақ уақыт бойы контрабандамен айналысқан қылмыстық топты Қаржы полициясы 2011 жылы анықтаған еді. 2013 жылдың маусым айында сот процессі басталып, 2014 жылдың сәуірінде 45 сотталушы түрлі жазаға кесілген болатын. Ең ұзақ мерізім — 16 жыл қылмыстық топ құрды делінген Талғат Қайырбаев  сотталған еді.