Шымкентте сәбидің денесін қорапшаға салып, тастап кеткен әйел ұсталды

Оқиға 7 мамыр күні сағат 21:30 шамасында орын алды.

Шымкентте сәбидің денесін қорапшаға салып, тастап кеткен әйел ұсталды
orda.kz

Шымкентте шала туған нәрестенің денесін қорапқа салып, аурухананың алдына қалдырып кеткен әйел ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 7 мамыр күні сағат 21:30 шамасында орын алды. Белгісіз әйел №2 Облыстық перинаталдық орталыққа келіп, шала туылған нәрестенің денесін қорапта қалдырып кеткен.

«Бұл факт бойынша қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүргізілуде», – деп хабарлайды Шымкент полиция департаменті.