Су тасқыны: Атырау облысында 300 метрге жуық бөгет салынды

Жайық өзенінің деңгейіне мониторинг жүргізілуде.

Су тасқыны: Атырау облысында 300 метрге жуық бөгет салынды
ТЖМ

Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында ұзындығы 300 метрге жуық бөгет салынды. Жұмыс жалғасуда, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

Министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, таңертеңнен бері Құлсары қаласында 8 989 м3 еріген су сорылды. Жайық өзенінің деңгейіне мониторинг жүргізілуде.

«ТЖМ күштерімен су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда. Жағдай бақылауда»,-деп жазды министрліктің баспасөз қызметі.