Алматыда жүк көлігімен жеңіл көлік соқтығысты

Жүк көлігі жүргізушісі соңғы сәтке дейін соқтығысудан барынша сақтанған.

Алматыда жүк көлігімен жеңіл көлік соқтығысты
zakon.kz

9 мамырда Mercedes пен Shacman жүк көлігі Майлин көшесінде соқтығысты, деп хабарлады turkystan.kz.

Жойқын күш әсерінен Мерседес жүк көлігінің астында қалып қойған. 

Zakon.kz сайтының мәліметінше, екі көліктің жүргізушілері де ауруханаға жеткізілді.

Автокөліктердің Майлин көшесімен солтүстік бағытқа бет алғаны белгілі болды. Түсініксіз себептермен жеңіл көлік оңға қарай бұрылып, жүк көлігін қыса бастаған.

Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі жүргізушісі соңғы сәтке дейін соқтығысудан барынша сақтанған. Көлікті жол жиегіне дейін тақап, жылдамдығын баяулатқан. Соған қарамастан, автокөліктердің соқтығысуы болған.