Ақтөбеде ер адам 5-қабаттан секірмек болды

Ақтөбеде ер адам 9 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатынан секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған.

Ақтөбеде ер адам 5-қабаттан секірмек болды
видеодан кадр

Ақтөбелік құтқарушылар өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің алдын алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ақтөбеде ер адам 9 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатынан секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған. 

ТЖД құтқарушылары мас азаматпен келіссөздер жүргізді. Сонымен бірге, уақытты жоғалтпай, "Өмір кубын" жайып, адамды құтқару операциясына кірісті, - делінген хабарламада.

Оқиға орнында жедел-құтқару жасағы мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеді. Ер адам полицияға тапсырылды.