Лицензиялық жарысқа қатысатын балуандарымыздың қарсыластары анықталды

Бүгінгі уақытта күрес түрлерінен Олимпиада ойындарына жеті жолдама бар

Лицензиялық жарысқа қатысатын балуандарымыздың қарсыластары анықталды
Қазақстан күрес түрлері федерациясы

Түркияның Стамбул қаласында күрес түрлерінен Париж олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын соңғы лицензиялық доданың жеребесі тартылып, қазақстандық балуандардың қарсыластары белгілі болды, деп жазады turkystan.kz kazinform-ға сілтеме жасап.

Аталған әлемдік жарыста Париж Олимпиадасының 54 жолдамасы сарапқа салынады. Нақтырақ айтсақ, әр салмақтан үшінші орынға дейін қол жеткізген балуандар төрт жылдық додада сынға түсу мүмкіндігіне ие болмақ.

Грек-рим күресі (9-10 мамыр)
65 келі. 1/16 финал
Дінмұхаммед Қошқар (Қазақстан) - Махмуд Бакшиллов (Өзбекстан)

97 келі. 1/16 финал
Юсуф Мациев (Қазақстан) - Лукас Лазогианис (Германия)

Еркін күрес (11-12 мамыр)
57 келі. 1/16 финал
Рахат (Қазақстан) - Кабе Матжанов (Түркіменстан)

65 келі. 1/16 финал
Адлан Асқаров (Қазақстан) - Андре Кларк (Германия)

74 келі. 1/16 финал
Нұрқожа Қайпанов (Қазақстан) - Виктор Расадин (Тәжікстан)

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі уақытта күрес түрлерінен Олимпиада ойындарына жеті жолдама бар. Оның төртеуін грек-рим күресінің өкілдері иеленсе, үшеуі – еркін күрес шеберлерінің еншісінде.