Мөлдір Әуелбекова марқұм Салтанат Нүкеноваға ән арнады (ВИДЕО)

Әнші Мөлдір Әуелбекова қоғамда қызу талқыға түскен тақырыпқа үн қосты.

Мөлдір Әуелбекова марқұм Салтанат Нүкеноваға ән арнады (ВИДЕО)
Сурет: opennews.kz

Отандық әнші Мөлдір Әуелбекова марқұм Салтанат Нүкеноваға ән арнады, деп хабарлады turkystan.kz.

Эстрада жұлдызы өз туындысын TikTok парақшасына жүктеген. Өнер иесі Қайрат Нұртастың «Арман» әнін өзгеше нұсқада орындауға тырысқан.

«Арман, адастырмай мені қоя тұр. Жалған, құшағыңды маған жая тұр» ,- деп жазған әнші.

Ал бейнебаянда марқұм Салтанат Нүкенованың өмірдегі жарқын сәттері көрсетілген.