«Сарбаздар қимылсыз 3-4 сағат тұра алады»: Капитан Айқын Амантаев Құрмет қарауылы жайлы айтып берді

Капитан Айқын Амантаев "Oyan.kz" бағдарламасына сұхбат берді.

«Сарбаздар қимылсыз 3-4 сағат тұра алады»: Капитан Айқын Амантаев Құрмет қарауылы жайлы айтып берді
Сурет: Ақорда

Капитан Айқын Амантаев Құрмет қарауыл ротасы сарбаздары бір қалыпта қимылсыз және кез келген ауа райында 3-4 сағат тұра алатыны жайлы айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Қорғаныс министрлігіне қарайтын Құрмет қарауыл ротасына сарбаздар қатаң талаппен қабылданады. Олар бірнеше сағат бойы саптық қадаммен, қарумен жүруден шаршамайды.

«Құрмет қарауыл сарбаздары бір қалыпта қимылсыз кемінде 3-4 сағат тұра алады. Әрине, бұл шыдамдылықты талап етеді. Кез келген ауа райында табандылық керек болады. Сарбаздар жұмысын мүлтіксіз атқаруға тырысады. Хаттамалар көп келеді. Басқа да ведомстволар хабарласады. Мемлекеттік рәміздерді алып шығуға атсалысамыз", - деді капитан Айқын Амантаев.