Ана Джулия атты әлемдегі ең алып жылан өлі табылды

26 футтық анаконда National Geographic-тің "Уилл Смитпен Полюстен Полюске" Disney+ сериясын түсіру кезінде табылған.

Ана Джулия атты әлемдегі ең алып жылан өлі табылды
сурет: dailymail.com

Әлемдегі ең үлкен жылан Бразилияның Амазонка тропикалық орманында өлі күйде табылды. Бұл туралы independent.co.uk жазды.

Ғалымдар тобы Уилл Смитпен бірге National Geographic-тің "Полюстен Полюске" Disney+ сериясын түсіру кезінде Амазонкадан алып анаконда түрін тапқан болатын.

Нақтырақ айтқанда, Ана Джулия есімді алып бауырымен жорғалаушы 5 апта бұрын Бразилияның оңтүстігіндегі Мато-Гроссо-ду-Сул Штатындағы Бонито ауылындағы Формосо өзенінен табылған.

26 футтық жасыл анаконданың салмағы шамамен 440 фунт және оның басы адамның басымен бірдей болған. Сонымен қатар, ұзындығы 6,3 метр еді.

Жыланды біреу атып кеткен болуы мүмкін деген жорамал айтылды, бірақ Ана Джулияны табуға көмектескен голландиялық зерттеуші жылан неден өлгені әлі де зерттеліп жатқанын мәлімдеді.

Профессор Фрик Фонк бұл жаңалықты Instagram-да жариялап: "Жүрегім қатты ауырып тұр, мен бірге жүзген құдіретті үлкен жасыл анаконда осы демалыс күндері өзенде өлі күйде табылды”, - деп жазды.