Димаштың концертін тамашалауға әлемнің 77 елінен көрермен барған

Димаштың келесі концерті 24 мамырда Ыстамбұлда әншінің 30 жылдығында өтеді

Димаштың концертін тамашалауға әлемнің 77 елінен көрермен барған
egemen.kz

4 мамырда Димаштың 2024 жылғы алғашқы жеке концерті Будапештте «Stranger» турының аясында өтті, деп хабарлады turkystan.kz.

Мажарстандағы ең үлкен алаң – Ласло Папп спорттық аренасында аншлаг. dimashnews.com сайтының мәліметінше, 77 елден келген әншінің жанкүйерлері Dears фандомының бірдей футболкалары, жилеттері, шарфтары мен басқа да түрлі-түсті атрибуттарымен өте әдемі көрінді. 

Димаштың репертуарындағы әндер әр елдің авторларының шығармаларының жиынтығы. Әр елдің өнері тоғысқан концерт, әрине, әртүрлі тілде сөйлейтін адамдардың назарын аудартатыны анық.

Димаштың гастрольдік сапарының басты мақсаттарының бірі – көрермендерді Қазақстанның дәстүрлі және заманауи мәдениетімен таныстыру болатын. Осы негізде, халық әндері «ДҰРДАРАЗ» бен «ДАЙДИДАУ» және «АДАЙ» күйімен қатар сахна төрінен белгілі қазақстандық авторлардың әндері: Еділжан Ғаббасовтың Джордан Аракелянның сөзіне жазған «FLY AWAY» әні, Айгүл Бажанова мен Мұнайдар Балмолданың «МАХАБАТ БЕР МАҒАН» әні және Димаштың інісі Әбілмансұр Құдайбергеннің «TOGETHER» атты алғашқы композициялық туындысы шырқалды.

Димаштың келесі концерті 24 мамырда Ыстамбұлда әншінің 30 жылдығында өтеді