Ақтауда ер адам төртінші қабаттан құлап кеткен

Бұған не себеп болғаны белгісіз.

Ақтауда ер адам төртінші қабаттан құлап кеткен
halyq-uni.kz

Ақтау тұрғыны төртінші қабаттан құлап, аман қалды, деп хабарлады  turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ер адам он метрдей ұшып кетіп, дәмхананың үстіне құлаған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар адамды дәмхананың төбесінен шығаруға ғана мәжбүр болды. 

Бұған не себеп болғаны белгісіз. 

Өртсөндірушілер көпқабатты үйдің 4-қабатынан дәмхананың шатырына құлап кеткен 36 жастағы ер адамды құтқарды. Зардап шеккен адам шатырдан түсіріліп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.