«Үш шарт қойдым »: Айжан Нұрмағамбетова жеке өмірі жайлы мәлім етті

Өнер иесінің айтуынша, алғашқы некесі сәтсіз болып, жолдасы дүние салған.

«Үш шарт қойдым »: Айжан Нұрмағамбетова жеке өмірі жайлы мәлім етті
Айжан Нұрмағамбетова: Фото: YouTube/скриншот

ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, эстрада әншісі  Айжан Нұрмағамбетова жеке өмірі туралы айтып, қазіргі жолдасымен қалай танысқанын «Алғашқы» бағдарламасында айтып берді.

Өнер иесінің айтуынша, алғашқы некесі сәтсіз болып, жолдасы дүние салған.

«Ерте тұрмысқа шығып, бала туып, кейін ажырастым. Біраз жылдан кейін ол қайтыс болды. Енді тұрмысқа шықпайтын шығармын деп ойладым», - деді әнші.

Әнші кейін тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған жігіттер көп болғанын, алайда көбі сахнаны тастауын сұрағанын жасырмады.

«Артымнан жүгірген жігіттер көп болды. Өзге ұлттың өкілдері де бар ішінде. Алдымен айта кетейін, әкемнің маған айтқан ақылы бар. Ол басқа ұлт өкілдеріне ұнамауы мүмкін. Басқа ұлт өкілдері «өлем, күйем» деп артымнан қалмай жүргенде әкем анам арқылы «басқа біреуге тиіп кетпесін, сен қандай сұлу, ақылды болсаң да, уақыты келгенде қаны тартқанда сені тастап кетеді» деп айтқызатын.

Бір-екі күнде ғашық болып, сахнада тұрмысқа шық деп ұсыныс жасаған жігіттер де болды. Бірақ олар «ол бриллианттарды асүйде тағып жүремін бе» деп айтатынмын», - деді ол.

Айжан Нұрмағамбетова қазіргі жолдасы жайлы айтып берді.

«Не үшін мына кісіге (қазіргі жолдасы) тұрмысқа шықтым? Біріншіден, артымнан қалмады. Жарты жыл жүгірді. Тұрмысқа шықпай тұрып оған «қолымнан ештеңе келмейді, бұл – бір. Екіншіден, тегімді өзгертпеймін. Үшінші шартым – сахнаны тастамаймын» деп айттым. Ол бәріне келісті. «Әніңді айта бер, фамилияңның түк маңызы жоқ. Ал басқа тірлікті өзім-ақ істей аламын» деп күлді. Сөйтіп бас қостық. Бірақ, бір нәрсені ескермеппін. Ол қатты қызғаншақ.