Француздық кәсіпкер Катрин Делакот қайтыс болған соң Самуи аралында тұратын, өзінің қызметшісі болған тайлық әйел Нутвалаи Пхупонгке мұраға 100 млн бат (теңгеге шаққанда 1 млрд 207 млннан астам) көлемінде ақша қалдырып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz Bangkok Post-ке сілтеме жасап.
Делакот пен оның бұрынғы әйелі Самуи аралына 12 жыл бұрын көшіп келген. Сосын екеуі дәм-тұзы жараспай, ажырасып кеткен. Ал әйел зәулім үйде жалғыз тұрған. Содан соң ол өзінің жаман аурумен ауыратынын естіген, сосын бірнеше уақыттан соң өз-өзіне қол жұмсаған.
Делакоттың қызметшісі болып 17 жыл жұмыс істеген тайлық әйелдің иелігінде оған мұра етіп қалдырған зәулім үй, қымбат көлік, қолма-қол ақша, жер аумағы мен басқа да активтер қалды.