Белгілі өлкетанушы Балтабек Ерсәлімов өмірден өтті

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі өлкетанушының отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады

Белгілі өлкетанушы Балтабек Ерсәлімов өмірден өтті
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Белгілі өлкетанушы, журналист, Ұлы Абайдың жиені Балтабек Ерсәлімов 86 жасында өмірден өтті, деп хабарлады turkystan.kz.

1938 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген ол Абай, Шәкәрім және Мұхтар Әуезовтің рухани мұрасын кеңінен насихаттаған. 1992 жылы «Абай» журналының қайта басылып шығуына үлес қосып, ағартушы қорының ашылуына ықпал еткендердің бірі. Балтабек Ерсәлімов Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, «Еңбек ардагері» медалі мен «Құрмет» орденінің иегері, Семей қаласы мен Абай ауданының «құрметті азаматы» болды.