ШҚО-да 3 жасар бала Садыр көліне батып кетті

Министрлік өкілдері ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауларын сұрайды

ШҚО-да 3 жасар бала Садыр көліне батып кетті
Polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында саяжайдағы үй ауласында ойнап жүрген бала Садыр көліне құлап, батып кетті, деп хабарлады turkystan.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, 2022 жылы туған бала ата-анасының назарынан тыс қалған.

Министрлік өкілдері ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауларын сұрайды.

Су айдындарында балаларды ойнауға жібермеу қажет. Төтенше жағдай болғанда 112 нөмеріне хабарлаңыздар, - делінген хабарламада.