Астанада ер адам автобус ішіндегі жолаушының көзіне газ шашқан (ВИДЕО)

1 мамыр күні № 21 бағдар бойынша қатынайтын қоғамдық көлік «Ailand отбасылық демалыс орталығы» аялдамасына тоқтаған сәтте орынсыз оқиға болған.

Астанада ер адам автобус ішіндегі жолаушының көзіне газ шашқан (ВИДЕО)
Видеодан алынған скриншот

Жолаушылардың бірі CTS КБД қызметкеріне жол ақысын көрсетуден бас тартқан, деп хабарлады turkystan.kz. 

Салондағы басқа жолаушылар жол ақысын көрсетуден бас тартқан ер адамға ескерту жасай бастаған. Жолаушылардың бірінің осындай жеке ескертуіне белгісіз азамат газ шашу арқылы жауап берген.

Полиция департаментінің қызметкерлері ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырып, 73 840 теңгеге айыппұл салды.