«Ақсақалы жоқ қоғамға айналдық»: Ағартушы Аятжан Ахметжанұлы ер адамды бесікке бөлегендерді сынға алды (ВИДЕО)

Аятжан Ахметжанұлы ұлттық құндылықтардың аяққа тапталып жатқанын айтып дабыл қақты.

«Ақсақалы жоқ қоғамға айналдық»: Ағартушы Аятжан Ахметжанұлы ер адамды бесікке бөлегендерді сынға алды (ВИДЕО)
коллаж: turkystan.kz

Әлеуеметтік желіде егде жастағы ер адамды үлкен өлшемдегі бесікке бөлеп, тербеткен тойшыл қауымның видеосы тарады. Осыған қатысты QAZBILIM.KZ Басқарма төрағасы Аятжан Ахметжанұлы пікір білдірді, деп жазды turkystan.kz.

"Мына бір тойдағы мына видеоны көргенде түңілдім. Мына жүргеннің ішінде жөнін айтар бір ақсақал жоқ па деп налыдым. Бесік - ол, ең алдымен, сәби тыныштығының, сәби тазалығының ұясы. Тәрбие талбесіктен басталады…", - деп жазды автор.