«Елге арықта деп, өзі былшиып жүреді»: Төреғалидың қарындасы елдің қызу талқысына түсті

Дина Төреәлінің оқырмандары оның салмақ қоса бастағанын байқаған.

«Елге арықта деп, өзі былшиып жүреді»: Төреғалидың қарындасы елдің қызу талқысына түсті
Фото: Caravan.kz

Төреғали Төреәлінің кіші қарындасы Дина Төреәлі тағы да елдің қызу талқысына түсті. Бұл жолы көпшілің оның қатты толып кеткенін, десе де елге арықтау марафонын өткізетінін сөз еткен, деп хабарлады turkystan.kz сайты Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.

Бұған оның желідегі жаңа образы себеп болған.

«Жақында салонымның ашылғанына бір жыл болады екен. Уақыт неткен жылдам. Бизнес жолында мен үшін өте көп тәжірибе алып келген, көп жерлерде тәуекел етуді үйреткен жұмысым. Көп оқырман арасында “салоныңызды жауып тастадыңыз ба?” деп сұрайды. Көп салып жарнаманы жиі жасамаймын дегенмен аз уақыттың ішінде көптің жүрегінен орын алып, Қызылорда сұлуларының сүйікті салоны атанды. Алланың арқасында, Бір Алланың қалауымен жолдасым екеуміз ниетіміз бен мақсатымызға жеттік. Бұл салон туралы айтарым өте көп. Уақыт арнап асықпай бөлісермін. Әдемі жерде жұмыс  істейтін әр әдемі қыздарымды Алладан тілеп сұрағанмын. Адамды әрлеу үлкен өнер. Қыздарымның бәрінің қолдары алтын. Тек көз тимесін. Жұмысымыз берекелі, мол ризықты болсын», — деп жазды ол.

Көпшілік Динаның образын мақтаған. Десе де олардың арасында сынаушылар да болды.

«Дина қатты толықсып кеткенсіз, бұрынғы сымбатыңыз жақсы еді», «Толысыпсыз», «Толықтаған жараспайтын сияқты», «Елге арықтау марафонын өткізіп, өзіңіз былшиып, томпиып жүресіз» деп жазды олар.