Батыс Қазақстан облысында бір үйір жылқы суға батып кете жаздады (ВИДЕО)

Жайылым кезінде жылқышылар жылқылардан көз жазып қалған.

Батыс Қазақстан облысында бір үйір жылқы суға батып кете жаздады (ВИДЕО)
Видеодан алынған скриншот

Жайық өзенінде Ақжайық ауданының жылқылары судан шыға алмай қалған, деп хабарлады turkystan.kz.

 

Құтқарушылар жергілікті атқарушы органдармен бірге жануарларды құтқарып, қауіпсіз жерге айдап шығарған. Барлығы 365 жылқы, оның ішінде 31 құлын құтқарылды. Құлындар үшін судың тереңдігі қауіпті болғандықтан олар қайықпен тасымалданды. Алғашында жануарлар келген құтқарушылардан үркіп қашқанымен, кейін қайыққа апаратын жолмен жүре бастаған, осылайша бір үйір жылқы аман-есен құрлыққа шығарылды.