Қызылордада жүк пойызы 11 қойды қағып кетті

Жануарлардың иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қызылордада жүк пойызы 11 қойды қағып кетті
"Жолаушылар тасымалы" АҚ

Қызылордада 11 қойды жүк пойызы қағып кетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Көліктегі ПД-да жыл басынан бері пойыздардың шұғыл тежелуінің 683 фактісі тіркелді. Еліміздің темір жолында 522 рет үй жануарларын басып кету фактісі тіркелген.

«Оның ішінде 257 бас жылқы, 78 бас ірі қара, 86 ұсақ мал және басқалар бар. Мәселен биыл мамыр айында Қызылорда облысының Жаңақорған – 26 РЗД-де жүк пойызының машинисі темір жолда ұсақ малдың болуына байланысты шұғыл тежеуді басқан. Соқтығысу нәтижесінде 11 бас қой поездың астына түсті», - делінген Polisia.kz сайтының хабарламснда.

Жоспарланбаған пойыз тұрағы 10 минутты құрады. Тексеру барысында Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері үй жануарларының иесі болып табылатын 32 жастағы азаматты анықтады.

«Ер адам теміржолға бөлінген жолақта мал жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.